Жаңалықтар

Азамат Жақсылықовтың Magna cum laude


Қазақстан Республикасы Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары басталды. Екі мемлекеттің басшылары бірқатар мәселелерді талқылап, білім беру саласынадағы ынтымақтастықты кеңейтуге де тоқталып өтпек.

Мемлекет басшысының сапарын АҚШ-та әртүрлі гранттар бойынша оқып жатқан және оқулары бітісімен өздерінің отанына оралуға дайын қазақстандық студенттер ерекше ықыласпен бақылауда. Солардың бірі – 2010 жылы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Азамат Жақсылықов. Ол Назарбаев мектебінде және университетінде оқудың артылықшылықтары жөніде және АҚШ-тағы білім гранты мен болашаққа арналған жоспарлары туралы айтып берді.

Он жыл ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қабырғасынан бірнеше талантты жұлдыздар шығып, өздерінің көптеген жағымды және жоғары жетістіктерімен қуантуда. Солардың бірі Алматы облысы Қабанбай ауылының дарынды физигі, АҚШ-тың белді зерттеу университеттерінің бірі Мадисондағы Висконсин университетінің магистратурасы мен доктарантурасы грантының жеңімпазы – Азамат Жаксылыков.

– «Талдықорған Зияткерлік мектебіне түсіп, мен олимпиадалық үйірмеге жазылдым, онда бізді үздік мамандар даярлады, дайындық онлайн жүйесі бойынша да өтті. Тынымсыз дайындық уақыт өте келе жақсы нәтижеге жеткізе бастады – мен Президенттік, республикалық және халықаралық Жәутіков олимпиадаларынан жүлделі орындар алдым. Мектеп директоры Гүлиям Байжикенова үлкен қолдау білдірді, мектепте қабілетімізді ашу үшін барлық жағдай жасалды», – деп бөлісті Азамат.

Зияткерлік мектепті аяқтаған Азамат, 2010 жылы Назарбаев Университетінің Ғылым және технология мектебіне, яғни ең қиын мамандықтың бірі «Теоретикалық физикаға» оқуға түседі. Студенттік кезеңде турбуленттілікті зерттеу жөніндегі ғылыми топқа қосылып, ғылыми зерттеу жұмысын жалғастырады. Оның ұзақ әрі қиын еңбегінің шарықтау шегі жоғары 5.3. әсерлі астрофизика жөнінде жазылған мақала болды. Зияткерлік мектеп түлегі Университетте оқи жүріп, балаларды оқумен айналысты. Оның шәкірттерінің өзі – физика пәні бойынша республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері болып үлгерді.

2017 жылы Азамат Назарбаев Университетін ерекше құрмет – magna cum laude дипломымен тәмамдап, нәтижесінде үздік бітірушілер қатарына енді. Азамат жақсы оқуы мен жоғары жетістігі үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, құттықтау алды.

Өзінің біліктілігі мен тапжылмас еңбегі арқасында Мадисондағы Висконсин университетінің оқу  гранты мен стипендиясын жеңіп алды. Ол алдағы бес жылда АҚШ-та болып, магистратураны және доктарантураны оқиды. Оқумен және ғылыми жұмыспен айналыса жүріп, Азамат университетте сабақ береді, оған, яғни жас қазақстандық ғалымға мұндай мүмкіндікті ЖОО беріп отыр.

– «Сабақ қызықты өтуде, үлгерімім өте жақсы. Висконсин университетінде білім алып, американдық зерттеу тәжірибесін игерген соң, Қазақстанға қайтып, елдің ғылымын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді», – деп түйіндеді Азамат.

Назарбаев Зияткерлік мектептері өзінің жас, прогрессивті, талантты және білімге деген талпынысы шабыт беретін түлектерімен мақтанады. Бұлар – жаңа уақыт талаптарына төтеп беретін, өз мектептерін әлемге таныта алатын – жаңа мыңжылдық ұландары. 

 

 



Қаралым: 137
Жарияланған: 16 Қаңтар