Жаңалықтар

Өскеменнен Гонгконгқа: Камшатқа арналған грант


Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі  шетелдік университеттің толық білім беру грантының иегері  атанды.

12 сынып оқушысы Камшат Құмарова Гонконг политехникалық университетіне «Қонақ үй және туризм» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оған Халықаралық қатынастар университетінің қызметкері Мисс Уинди Чоудың қолы қойылған хат дәлел болады. Онда: «Сіздің жоғары жетістіктеріңізді мойындай отырып, Сізге оқу, жатақханада тұру, шәкіртақы алуға толыққанды білім  грантын беру біз үшін үлкен мәртебе» делінген.

– Мен өте бақыттымын, маған терең білім, жеке тұлғалық мол тәрбие берген Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдеріне алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар әкем Бақытбек Құсайынұлына шексіз ризамын, ол білімді әрдайым  бірінші орынға қояды және балалардың оқуға деген ынтасын үнемі қолдап отырады, дейді Камшат.

Көкпекті ауданының тумасы 5-сыныптан бастап ата-анасынан жырақта оқыды.  Сол кезде ағылшын тілін жақсы меңгермеген оның бүгінгі күні IELTS сынағының нәтижесі ықтимал 9 балдан 6,5 болып отыр. Математикадан білімін анықтаудағы тест, сын тұрғысынан ойлау және SAT жазбасы бойынша қорытынды нәтижесі 1600-ден 1380-ді  көрсеткен. Кәмшат шаңырақ көшбасшысы, кураторы Айнұр Мұқашеваның айтуынша, «Халыққа қызмет көрсету» жоба аясындағы еріктілер  жұмысында көп уақытын әртүрлі дерттегі балалармен өткізеді, сондай-ақ  халық билері оның хоббиі.

Гонконг политехникалық университетінде оқу ниеті өткен жылдың қараша айындағы өкілдерімен кездесуден кейін оянды.  Қосымша   жоғары оқу орны «Қонақ үй және туризм» мамандығы бойынша білім беруде әлемде үшінші орынды иемденіп, студенттердің өз тәжірибелерімен айналысатын бес жұлдызды қонақ үй екенін білді. Ол қажетті құжаттарды мұқият дайындап жібергеннен кейін скайп арқылы сұрақтарға жауап беріп сұхбаттасты.

– Мен қойылатын сұрақтар, талаптар туралы білуге тырыстым. Гонконг политехникалық университетінің «Экономика»  мамандығы бойынша білім беру грантының иегері, үшінші курс студенті Жанерке Тоқтарованың бұл жөнінде маған  көп көмегі  тиді, – дейді Кәмшат.

 

 



Қаралым: 57