Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде конкурстік іріктеуге құжаттарды қабылдау жалғасуда


 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2018-2019 оқу жылына Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалалары физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент қалалары химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурсты жалғастыруда. 

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 20 қаңтарға дейін келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

1) Астана қ. (физика-математикалық бағыттағы), №31 көше, 37 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), телефон: 8 (7172) 55-98-03; 

2) Астана қ., №31 көше, 35 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), телефон: 8 (7172) 55-80-33;

3) Ақтау қ., 33 ықшам ауданы, 16 ғимарат, телефон: 8 (7292) 70-10-66;

4) Ақтөбе қ., Батыс-2 ықшам ауданы, 26 аймақ, телефон: 8 (7132) 70-47-80; 

5) Алматы қ. (физика-математикалық бағыттағы), Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаева көшесінің қиылысы, телефон: 8 (727) 331-01-00;

6) Алматы қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Қалқаман-2 ықшам ауданы, Елібаев көшесі, 2 үй, телефон: 8 (727) 331-01-10;

7) Атырау қ., Нұрсая ықшам ауданы, 11 көшесі, 22 ғимарат, телефон: 8 (7122) 55-85-51;

8) Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 62 үй, телефон: 8 (7212) 55-88-80;

9) Көкшетау қ., Мирзоян көшесі, 59 үй, телефон: 8 (7162) 25-31-40;

10) Қостанай қ., Гагарин көшесі, 239 үй, телефон: 8 (7142) 99-97-47;

11) Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс көшесі, 8, телефон: 8 (7242) 55-11-51;

12) Павлодар қ., Ткачев көшесі, 16/2 үй, телефон: 8 (7182) 70-47-40;

13) Петропавл қ., Ыбраев көшесі, 22А үй, телефон: 8 (7152) 55-97-22, 55-97-28;

14) Семей қ., Қарағайлы ықшам ауданы, 1, телефон: 8 (7222) 63-63-50;

15) Талдықорған қ., Каратал ықшам ауданы, 47 үй, телефон: 8 (7282) 21-98-61, 21-98-63;

16) Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266 үй, телефон: 8 (7262) 99-98-55;

17) Өскемен қ., Сәтпаев даңғылы, 53 үй, телефон: 8 (7232) 56-01-25;

18) Орал қ., Московская көшесі, 16 үй, телефон: 8 (7112) 22-27-04;

19) Шымкент қ. (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ықшам ауданы, Элитный қалашығы, 6 ғимарат, телефон: 8 (7252) 29-44-88;

20) Шымкент қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ықшам ауданы, 1А үй, телефон: 8 (7252) 42-51-70.

Тестілеу 2018 жылғы 3-4 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының логотипін, тауарлық белгісін және басқа да жеке заттарын заңсыз пайдалану жағдайларының көптеп орын алуына байланысты, ДББҰ оқушыларды Зияткерлік мектептерге түсуге дайындайтын, сондай-ақ оқушыларға арналған тесттер, жаттығулар, тапсырмалар мен басқа да жинақтар шығаратын білім беру ұйымдарымен және жекелеген тұлғалармен ешқандайда әріптестік орнатпағанын және ешкіммен бірлесіп жұмыс жүргізбейтіндігін ресми түрде хабарлайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгелердің логотипін, тауарлық белгісін және басқа да жеке заттарын заңсыз пайдалану жағдайына қатысты жауапкершілік көзделген.

 

 



Қаралым: 685
Жарияланған: 09 Қаңтар