Жаңалықтар

Зияткерлік мектептерінің ең үздік олимпиада қатысушылары анықталды


Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жаралытыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда жалпы білім беру пәндері бойынша желілік олимпиаданың үшінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.

Астана мен Алматыда бір уақытта өткен желілік олимпиадаға Зияткерлік мектептерінен 400-ден астам оқушы қатысты. Сонымен қатар, 180-нен астам оқушы онлайн-жүйедегі олимпиадаға қатысты.

Нәтижесінде Зияткерлік мектептердің 95 оқушысы үшінші орын алып, 60-қа жуық бала екінші орынды иеленіп, республикалық олимпиадаға жолдама алды. Байқаудың жеңімпазы атанған 35 оқушы да республикалық олимпиадада НЗМ-ның намысын қорғайтын болады.

«Үздік олимпиадалық команда» кубогын Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жеңіп алды.

– «Біз бұл жеңіске жету үшін көп еңбек еттік. Бізді олимпиаданың атмосферасы біріктірді. Үшінші жыл қатарынан осы кубокқа ие болғанымызға қуанамыз», – деп бөлісті жеңімпаздар өз әсерлерін Астанада өткен жарыста.

«Үздік олимпиада мектебі» дипломдары Атырау және Павлодар қалаларының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне берілді.

– «Олимпиада қиын болды, бірақ бәрі де жоғары деңгейде өтті. Бәсекелестікке қарамастан, барлығы бір-бірімен достық қарым-қатынасты сақтай білді, себебі біз бәріміз Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісіміз. Тоғыз қатысушыдан алты адам жүлделі орындарға ие болды – үш бірінші, екі екінші және бір үшінші орын. Бұл біздің мектебіміз үшін үлкен жетістік», – деп атап өтті Атырау қаласы Зияткерлік мектебінің оқушылары.

Олимпиаданың нәтижесі көрсеткендей, көптеген қатысушылар жыл сайын өздерінің нәтижелерін жақсарту үстінде. Оқушылар арасында желілік олимпиаданың жеңімпазы мәртебесін қайталап жеңіп алып, өздерінің мықтылығын дәлелдегендер де болды. Соның бірі ретінде Орал қаласы Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Данияр Арстановты атап өтуге болады.

– «Мен желілік олимпиада екінші рет қатарынан орыс тілінен жеңімпаз атандым. Өткен жылы республикалық олимпиадада екінші орынға ие болу бұйырды. Жеңіске жетуге көмектескен азаматтардың барлығына – мектебіме, мұғалімдеріме және ата-аналарыма алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Данияр.

Оқушылардың үздік нәтижелері Зияткерлік мектептерде байқауға қатысушыларды дайындауға күн сайын үлесін қосып жүрген мұғалімдер үшін де баға жетпес сәт болып, қуанышқа айналды. Соның бірі ретінде Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің ұстазы Өскенбай Момыновты атап өтуге болады. Оның шәкірттері химия бойынша жеті рет жүлделі орынға ие болды.

Енді желілік олимпиаданың жеңімпаздары мен екінші орын иегерлері белсенді түрде республикалық олимпиадаға дайындала бастайды. Оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің абыройын республикалық деңгейде абыроймен қорғағысы келетіндіктерін атап өтті.

– «Балалық шағымнан бастап қазақ тілін үйренемін. Мектеп маған тілдік дағдыларды дамытуға және олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берді. Енді республикалық олимпиадаға барынша жоғары ынтамен дайындаламын», – деді қазақ тілі пәнінен екінші орын иегері атанған Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльвира Ахтамянова.  

Статистикалық мәліметтерге сәйкес Зияткерлік мектептердің оқушылары жыл сайын олимпиадаларда өздерінің нәтижелерін арттырып отырады. Мұндай мәлеметті Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Жұлдыз Сүлейменова атап өтті.

– «2016 жылы Зияткерлік мектептердің 1900-ден астам оқушысы республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2028-ге дейін өсті», - деп нақтылап өтті Жұлдыз Досбергенова.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадасы оқушылардың 2018 жылғы жеңістерінің тізімін ашып берді. Мектеп оқушыларын алда жоғары шыңдар мен кезекті жаңа жетістіктер күтіп тұр.

 



Қаралым: 288
Жарияланған: 08 Қаңтар