Хабарландырулар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдардың 10-сынып оқушылары арасында 11-12 сынып оқушыларына берілген білім алу гранттары бойынша байқауының ІІІ кезеңінің басталуын хабарлайды.


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдардың 10-сынып оқушылары арасында Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжіне (UWCSEA) 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарында 11-12 сынып оқушыларына берілген білім алу гранттары бойынша байқауының ІІІ кезеңінің басталуын хабарлайды.

 

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары арасындағы байқауы өтуде. Байқаудың қорытындысы бойынша, үш жеңімпаз Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжінде (UWCSEA) білім алуға жолдама алады.

Жобаның мақсаты - 2016-2018 оқу жылында Халықаралық  Бакалавриаттың бағдарламасы бойынша 11-12 сынып оқушыларын 2015 жылдың 23 қыркүйек күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқармасымен бекітілген (№49 хаттама)  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдары арасында білім беру гранттарын тағайындау ережелеріне сәйкес экстернаттық жүйесі арқылы оқыту. Дарынды балаларды қолдау жобасының бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Байқаудың бірінші кезеңі кешенді сынақ ретінде өтті: математика, ағылшын тілі сынағы және өзара түсіністік деңгейі мен абстрактілі ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтауға арналған сынақ (Differential Aptitude tests). Байқауға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 113 үміткерлер қатысты. Оның 31 қатысушысы екінші кезеңге жолдама алды. Бұл білім сайысына тек «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына жататын 10-сынып оқушылары ғана қатысуға құқылы екенін атап өткен жөн.

2016 жылдың 14-ші наурызында байқаудың екінші кезеңі бойынша тапсырыс берген үміткерлер Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжі ұсынған эссе және «Не себепті мен UWCSEA колледжіне түсуім қажет?» тақырыбында мотивациалық хат жазды. Колледж комиссиясының шешімі бойынша 12 оқушы үшінші кезеңге жолдама алды.

Қорытынды үшінші кезең сәуірдің 23-24 жұлдыздарында Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтеді. Бұл тарапта үміткерлер UWCSEA колледжінің өкілдерімен сұхбаттасып, жеке презентациясын қорғайды. Ереже бойынша баяндама барысында оқушылар Халықаралық бакалавриат жүйесі аясында өздері таңдап алған пәндерін қорғап шығады.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік 3 оқушы іріктеліп, Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжінің білім грантына ие болады. Оқу соңында оқушылар Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына сай диплом алып оралады.

Біз барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз! UWCSEA байқауының нәтижелері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ресми сайтында (www.nis.edu.kz)  жақын уақытта шығарылады.


Қаралым: 2725
Жарияланған: 20 Сәуір