Жаңалықтар

Алғашқы толқытатын мектеп қоңырауы


Отанымыздың ел ордасы Астана қаласындағы  № 69 мектепте   бүгін 2015 жылы 1 құркүйекте жаңа оқу жылына арналған алғашқы қонырауы сәтті өтті.
Бұл отанымыздың барша білім саласына өте маңызды күн болып саналады, өйткені, елімізде 30 сынамалы мектептер жобасының жұмысы бастама алды. Осы жобаға №69 мектеп те қатысады.
Мектептің салтанатты  білім мерекесіне біздер де  қатыстық.
Мектептің ұстаздары, ата-аналары мен оқушылардың көңіл күйі өзімізді қуантты. Өйткені, мектеп ұжымы жаз бойы осы оқу жылына белсенді да ерекше дайындалып, көп жұмыстар атқарды. Бұған әрине, үлкен жауапкершілік пен дайындық жұмыстарын ұйымдастыруы алдымен мектептің басшысына байланысты.                 
1 сыныптың мұғалімдері жаз бойы арнайы біліктілік курстарында оқып, білімдерін жаңартылған білім мазмұнына бағытталған пәндердің оқуларында толықтырды.
Ал 1 сынып оқушылары жаңа оқулықтар мен ұстаздары әдістемелік құралдарымен  толық қамтылған.
Сынып бөлмелері жөндеулі, оқуға қажетті құралдарымен толықтырылып дайындалған. Тек білім алушы – жас ұрпақ балдырғандар білім тәмәмдауға құштарлық танытып, шаршамай оқыса… біз оларға мүмкінше бар күш-жүгерімізді саламыз деген ойда - мектеп басшысы, ұстаздар қауымы.
Ендеше, ерекше маңызы зор, оқу жылында кішкентай азаматтарымызға, ұстаздар мен ата-аналар қауымы зор денсаулық, шығармашылық шабыт, сәтті және жақсы нәтижеге қол жеткізулеріңізге тілектеспіз.
 

Ы.Алтынсарин ат-ғы Ұлттық білім академиясы
«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

 



Қаралым: 1407
Жарияланған: 03 Қырқүйек