Жаңалықтар

Республикалық Тамыздық педагогикалық кеңесі панелді сессиясының баспасөз хабарламасы


«Жаңа білім беру бағдарламалары. Инновациялар және құзыреттік тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар» білім беру қызметкерлерінің Республикалық Тамыз кеңесі шеңберінде 2015 жылдың 24 тамызында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда апробацияның рөлі» диалогтық алаңы» атты панелдік сессисясы өткізілді.

Панелдік сессияға еліміздің білім саласындағы 200 ден аса адам қатысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев сессия модераторы болды.

Панелдік сессия жұмысы шарасында мектептердің апробацияға дайындығы,  мұғалімдердің  біліктілігін жетілдіру, апробацияны сапалы түрде жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдар мен ата-аналар қауымының рөлі сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Облыстық/Астана, Алматы қалалық білім басқармалары мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің ұйымдастыру әдістемелік менеджментінің диагностикасымен «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы К. Н. Шәмшидинова алғашқы сөзді бастады.

Бастауыш мектептердің жаңа стандарттарды апробациялауға қаншалықты дайын екендігін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті Ж.Жылбаев «Білім беру мазмұнының жаңаруы – табысты болашаққа бағдарлану» атты баяндамасында айтып өтті.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдерінің біліктілігін арттырумен «Назарбаев Зияткелік  мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары Ж. Қабдыкәрімова таныстырды.

Білім беруде инновацияны дамытудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлімен, білім беру жүйесінде инновацияларды енгізу тәжірибесімен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы бөлісті.

Астана және Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің директорлары Зияткерлік мектептер мен пилоттық мектептердің өзара әрекеттесуі туралы айтты.

Барлық пилоттық мектептердің атынан Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы М.Жұмабаев атындағы № 15 пилоттық мектеп директоры Т. Прімжанова мен Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы пилоттық мектеп директоры Т.Ысмағулова, пилоттық мектептерінің мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұнының оқыту курстарынан өткендігі, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларымен толық танысып, қолдарына алғандығы, жаңа оқу жылын бастау үшін мектеп дайындығына  жергілікті әкімдіктер қажетті көмек көрсеткені жайлы, және жалпылап айтқанда  пилоттық мектептердің ұжымдары экспериментті бастауға дайын екендігін сендірді.



Қаралым: 1883
Жарияланған: 29 Тамыз