А.O.Жәутіков атындағы РМФМОМИ

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп базасында Жаутықов атындағы РФМОМИ қызметкерлеріне арналған оқу семинары


2015 жылдың 16-17 сәуірде Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ және дарынды балаларға арналған О.А.Жаутықов атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаты арасындағы өзара қызметтестігі туралы Меморандумды жүзеге асыру мақсатында және тәжірибе тарату жоспарына сәйкес Талдықорған қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі құндылық бағыттары» тақырыбында оқу семинары өткізілді.

Семинар міндеттері:

1. Тәрбие жұмысының жүйесі және мектеп бағдарламасына көшбасшылықты енгізу туралы тәжірибе тарату.

2. Құндылыққа бағытталған сабақтар, көшбасшылық сабақтары,  критериалды бағалау жүйесі туралы және шеберлік сабақтарын көрсету.

          Семинар жұмысына пилоттық мектептердің педагогтері қатысты Алматы облысының Жаркент қаласындағы Х.Хамраев атындағы орта мектеп, Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия, облыстық әдістемелік кабинет өкілі.

Әзірленген сабақтар, куратор сағаттары,  көшбасшылық сабақтары, шеберлік сабақтары, баяндамалардың барлық материалдары семинар қатысушыларына берілді.

         Семинардың бірінші күнінде Зияткерлік мектеп әкімшілігі семинар қатысушылар назарына жоғары тиімді команда құрудың механизмі ретінде көшбасшылық бағдарламасын ұсынды.

Іс-әрекеттегі көшбасшылықты бастауыш, негізгі мектеп және балабақша сабақтары арқылы балабақша тәрбиешілері көрсетті.

Семинар қатысушылары өздерінің көшбасшылық мүмкіндіктері мен мектеп командасындағы алатын орнын анықтау үшін онлайнда көшбасшылық қабілет диагностикасынан өтті.

Барлық мектеп қауымдастығының мүшелері, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар оқитын көшбасшылық кітаптар мектеп кітапханасында көрсетілді.

Семинар қатысушыларына математика, физика, химия, биология, информатика, экономика, ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын  критериалды бағалау жүйесі бойынша шеберлік сабақтары мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылды.

Сонымен қатар, қонақтар тілдік ортаға енгізу клубы, Dance-club, денсаулық клубы бағыттары туралы үлгілі отбасы клубтарының сабақтарына қатысып, оқушылардың ата-аналарымен кездесті.

         Семинардың екінші күні Зияткерлік мектептердің тәрбиелік жұмысының негізгі бағыттарына арналды: әлеуметтік жобалар, кураторлық қызмет, мектептің өзін-өзі басқару, қызығушылығын арттыратын клубтар, элективті курстар және т.б.

 
 

Қаралым: 2092
Жарияланған: 30 Сәуір