Каникулярлық мектеп

Каникулярлық мектеп


 Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті балаларды анықтау және іріктеу үшін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары 2011 жылы «Виртуалдық мектеп» және «Жексенбілік мектеп» жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.

Жобалардың мақсаты - Қазақстан Республикасының әртүрлі білім беру ұйымдарының  5 және 6-сыныптардың оқушыларына олардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетін дамыту және  Зияткерлік мектептерге Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына түсуге дайындау үшін жағдайлар жасауы.

«Виртуалдық мектеп» веб-сайтының көмегімен үміткерлер өңірлік Зияткерлік мектепте оқуға тіркелуіне,  орындау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар алуына, педагогтың дербес  консультациясын алуына болады.

«Виртуалдық мектептің» тапсырмаларын ойдағыдай орындаған оқушылар бейіндік пәндер бойынша  күндіз оқуға және конкурстық іріктеу пәндері бойынша күндізгі консультацияларға  арналған өңірлік Зияткерлік мектепке шақырылады.

Барлығы 2012  жылы Виртуалдық мектептерге қатысушылардың саны Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының 2925 оқушысын құрады.

2012  жылы Жексенбілік мектептерге қатысушылардың саны Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының 213 оқушысын құрады.

2013 жылға арналған жоспарлар боынша «Виртуалдық мектеп», «Жексенбілік мектеп» жобаларын іске асыру шеңберінде  облыстық (қалалық) білім басқармаларымен ынтымақтастықты жалғастыру және қолда бар тәжірибе негізінде Виртуалдық мектеп сайтының жұмысын жетілдіру.

Виртуалдық мектептін веб-сайты http://vs.nis.edu.kz/.


Қаралым: 30043
Жарияланған: 09 Сәуір