«Өркен» грантын тағайындау жөніндегі конкурсты өткізу ережелері

«Назарбаев Зияткерлiк мектептері» мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының «Өркен» бiлiм беру грантының берілуi бойынша байқаудың өткiзілу Ережелері


ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектебінің»

Қамқоршылық кеңесі шешімімен бекітілген

 №1 2012 жылдың 29 ақпанынан бастап

(ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Қамқоршылық кеңесінің бекітілген шешіміне

енгізілген өгерсітерді есепке ала отырып

№4 2014 жылдың 23 желтоқсанынан бастап)

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша байқаудың өткізілу Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша байқаудың өткізілу Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 Қаулысымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау мен мөлшері Ережесінің 8 және 11-тармақтарына сәйкес дайындалды және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде келесі анықтамалар қолданылады:

Зияткерлік мектептер – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдары;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (әрі қарай – грант) – Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын грант;

Зияткерлік мектептерге түсеге үміткерлер (әрі қарай – үміткерлер) – орта білім беру ұйымдарында оқып жүрген және Зияткерлiк мектептердiң 7-11(12)-сыныптарында оқуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары;

білімді кешенді тексеру – белгілі пәндер бойынша үміткерлердің білімін тексеруге бағытталған іс-шаралар;

қабылдау комиссиясы – Зияткерлiк мектептердiң 7-11 (12)-сыныптарында оқу үшін құжаттарды қабылдау және үміткерлерді байқаудан өткізуді ұйымдастыру бойынша комиссия;

қабылдау комиссиясы Зияткерлiк мектептердiң 7-11 (12)-сыныптарында оқу үшін үміткерлердің байқау нәтижелерін тексеру мен бағалау бойынша комиссия;

апелляциялық комиссия – Зияткерлiк мектептердiң 7-11 (12)-сыныптарында оқу үшін ұйымдастырылған байқау өткізілу кезеңінде үміткерлердің байқау нәтижелерін бағалау бойынша даулы мәселелерді шешуге құрылған комиссия;

грантты тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – грантты тағайындау үшін білім беру саласында уәкілетті орган құратын комиссия;

жұмыс органы – «Назарбаев Зияткерлiк мектептері» дербес бiлiм беру ұйымы;

резервтiк тiзiм – Зияткерлік мектептердегі бос орындарға қабылдау үшін ағымдағы оқу жылы кезінде әрекет ететін үміткерлер тізімі;

жұмыс органының филиалдары Педагогикалық өлшемдер орталығы, Білім беру бағадарламалар орталығы;

білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

2. Құжаттарды қабылдау тәртібі

 

3. Құжаттарды қабылдау мен байқауды өткізуді ұйымдастыру үшін Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен Зияткерлік мектептердің педагогикалық қызметкерлерінен, әкімшілік-басқару және оқытушы-қосымша қызметкерлерден тұратын қабылдау комиссиясы құрылады.

Жаңадан ашылуға жоспарланып отырған Зияткерлік мектепке үміткерлерді байқаудан өткізу жағдайында жұмыс органы жетекшісінің бұйрығымен өзге Зияткерлік мектеп желілерінің педагогикалық қызметкерлерінен, әкімшілік-басқару және оқытушы-қосымша қызметкерлерден, басқа білім беру ұйым басшылығының келісімі негізінде сол оқу орны қызметкерлерінен тұратын қабылдау комиссиясы құрылады.

4. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны, сол сияқты байқауды өткізу мерзімі Басқарманың жұмыс органы шешімімен анықталады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

5. Зияткерлік мектепке қабылдау кезінде байқауға қатысу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

1)  осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша байқауға қатысу үшін өтініш беру;

2)  осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша сауалнама толтыру;

3)  Үміткердің туу туралы куәлігі, ЖСН, жеке куәлік (бар болған жағдайда) көшірмелері, заңды өкілдердің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлік көшірмелері;

4)  086/у формасындағы медициналық анықтама;

5)  үміткердің тұрғылықты орны бойынша анықтама немесе тұрғылықты орнын растайтын өзге құжаттар;

6)   үміткердің Зияткерлік мектепке дейінгі бір жыл бұрынғы үлгерімі мен тәртібі табелдерінің көшірмесі, егер үміткер ағымдағы оқу жылын аяқтамаған, оқуын жалғастырып жатқан жағдайда бірінші жартыжылдыққа сәйкес ұсынылады. Талап етілген құжаттар басшының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі қажет.

Орта білім беру ұйымдарының 7-11 (12)-сыныптарын толық аяқтаған үміткерлерге Зияткерлік мектептің осы сыныптарында қайта оқу үшін үміткерлік құқығы берілмейді.

7)  3х4 өлшемдегі үміткердің суреті – 2 дана;

Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген барлық қосымша құжаттар үміткер тарапынан пластикалық бір бумаға тігіліп тапсырылады.

6. Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады:

1) байқауға қатысу өтініші бекітілген мерзімінен кеш берілсе;

2) осы Ереженің 5-тармағында берілген құжаттар тізімі толық болмаған жағдайда.

3. Байқауды өткізудің шарттары

7. Үміткерлерді іріктеу пәндер және Зияткерлік мектептерде оқу қабілеті бойынша олардың интеллектуалды даярлық деңгейін анықтау арқылы байқау негізінде өткізіледі.

8. Осы Ереженің 5-тармағына сәйкес көрсетілген құжаттарды ұсынған үміткерлер байқауға жіберіледі.

3-1. 7-сыныптарда үміткерлерді оқыту

үшін өткізілетін байқау тәртібі

 

9. Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушылар үшін конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады: пәндік тест және жаратылыстану-математика ғылымдарын оқу қабілетін бағалау бойынша тест.

Пәндік тест мына пәндер бойынша тест тапсырмаларынан құрастырылады: математика – 40 тапсырма, қазақ тілі – 20 тапсырма, орыс тілі – 20 тапсырма және ағылшын тілі – 20 тапсырма.

Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқу қабілетін тексеру бойынша тест 3 бөліктен тұрады:

1) «Сандық сипаттамалар» – 60 тапсырма (сандармен жұмыс істей алуын анықтайтын тест);

2) «Кеңістікте ойлау» – 74 тапсырма (абстрактлы-логикалық ойлау деңгейін анықтайтын тест)

10. Екі кешенді тест бойынша тапсырмаларды орындауға келесідей уақыт беріледі:

1) Пәндік тест – 180 минут, соның ішінде математика – 60 минут, қазақ тілі – 40 минут, орыс тілі – 40 минут және ағылшын тілі – 40 минут;

2) Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқу қабілетін бағалау бойынша тест – 77 минут, соның ішінде «Сандық сипаттамалар» – 30 минут, «Кеңістікте ойлау» – 47 минут.

Емтихан материалдарын таратуға, жауап парағының қызметтік секторын толтыруға, сол сияқты аудиторияда үміткердің өзін ұстау тәртібін түсіндіруге кеткен уақыт көрсетілген уақыт ішіне кірмейді.

11. Кешенді тестілеу кезінде тест тапсырмаларының қағаз нұсқасы қолданылады.

12. Қағаз нұсқасын қолдану кезінде үміткерге тест жинағы мен жауап парағы беріледі. Үміткер барлық есептеулерді тест жинағында орындап, дұрыс жауаптарды жауап парағына көшіреді.

13. Үміткерлерді кешенді тестілеудің қағаз нұсқасы арқылы алынған нәтижелерін тексеру мен бағалау білім беру саласында қызмет ететін және жұмыс органының стратегиялық серіктесі болып табылатын шетелдік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеу нәтижелерін тексеру мен бағалау автоматтандырылған статистикалық әдіс негізінде жүзеге асырылады.

Қағаз нұсқасын қолдану арқылы алынған кешенді тестілеудің нәтижелерін тексеру кезінде тек үміткердің жауап парағындағы нәтижелер ғана есепке алынады, тест жинағы қарастырылмайды;

Пәндік тест бойынша нәтижелер пәндер бойынша теңестірілген балл түрінде шығарылады. Пәндер бойынша мүмкін болатын максималды теңестірілген баллдың жалпы саны 1000 баллды құрайды, соның ішінде:

математика – 400;

қазақ тілі – 200;

орыс тілі – 200;

ағылшын тілі – 200.

Жаратылыстану-математика ғылымын оқу қабілетін бағалау бойынша тесттің мүмкін болатын максималды баллы 134-ті құрайды, соның ішінде бөліктер бойынша:

«Сандық сипаттамалар» – 60;

«Кеңістікте ойлау» – 74.

14. Байқаудың нәтижелері соңғы кешендік тестілеу аяқталған күннен 40 күнтізбелік күннен кейін жарияланып, жұмыс органының ғаламтор-ресурсы мен кешенді тестілеу өткізілген ғимаратқа орналастырылады.

15. Жұмыс органы шетелдік ұйымдардан өткізілген кешенді тестілеудің бағалау нәтижелерін алған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде мүмкін болатын максималды баллдан көп балл жинаған үміткерлерді республикалық комиссия талқылауына жібереді: математика пәнінен мүмкін болатын максималды баллдан отыз бес және одан да көп пайыз жинаған жағдайда, бұл 140 және одан да көп баллды құрайды; «Сандық сипаттама» бөлігінен мүмкін болатын максималды баллдан қырық және одан да көп пайыз жинаған жағдайда, бұл 24 және одан да көп баллды құрайды.

3-2. 8-11 (12)-сыныптарда үміткерлерді оқыту үшін өткізілетін байқау тәртібі

16. 8-11 (12)-сыныптарда оқуға үміткерлерге байқау өткізу үшін жұмыс органы жетекшісінің бұйрығымен Зияткерлік мектептердің, жұмыс органы мен филиалдардың педагогикалық қызметкерлерінен конкурстық комиссия құрылады.

Конкурстық комиссия төрағасы ретінде Зияткерлік мектептің, жұмыс органының немесе филиалдың өкілі тағайындалады.

17. 8-11 (12)-сыныптарда оқуға үміткер оқушылар үшін байқау екі кезеңнен құралады. Конкурс білім беру саласында қызмет ететін және жұмыс органының стратегиялық серіктесі болып табылатын шетел ұйымдарымен бірлесе өткізілуі мүмкін. 

18. Бірінші кезеңде үміткерлер Зияткерлік мектептердің бағытына сәйкес келетін бейінді пәндерден, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен кешенді тестілеуден өтеді.

Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу үшін жүргізіледі. Екінші кезеңге бірінші кезең қорытындысы бойынша жалпы сұрақ санынан қырық немесе одан да көп пайыз дұрыс жауап жинаған үміткерлер жіберіледі.

19. Кешенді тестілеу өткізіледі:

1) физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 8-11 (12)-сыныптарында физика, математика, қазақ тілі, орыс және ағылшын тілі пәндерінен;

2) химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің 8-сыныбында математика, биология, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен, 9-11 (12)-сыныптарында химия, биология, қазақ тілі, орыс және ағылшын тілі пәндерінен;

3) Астана қаласының Зияткерлік мектебінің 8-11 (12)-сыныптарында математика, қазақ тілі, орыс және ағылшын тілі пәндерінен.

20. Зияткерлік мектептердің 8-11 (12)-сыныптарына арналған әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 15 сұрақты құрайды.

Физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептердің 8-11 (12)-сыныптарына арналған сұрақтардың жалпы саны – 75, химия-биология бағытындағы 8-11 (12)-сыныптарына арналған – 75, Астана қаласының Зияткерлік мектебінің 8-11(12)-сыныптарына арналған – 60 сұрақ.  

Тапсырманың дұрыс жауабы бір баллмен бағаланады, қате жауап үшін 0 балл беріледі.

21. Кешенді тестілеу бойынша тест тапсырмаларын орындау үшін 60 сұраққа 90 минут, ал 75 сұраққа 112 минут беріледі.

Емтихан материалдарын таратуға, жауап парақтарының қызметтік секторларын толтыруға және аудиторияда үміткердің өзін ұстау тәртібін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеу уақытына кірмейді.

22. Кешенді тестілеуде қағаз және/немесе электронды тест нұсқалары қолданылады.

23. Қағаз нұсқасын қолдану кезінде үміткерге сұрақ кітапшасы, жауап парағы және жауап парағының көшірмесі беріледі. Үміткер барлық қажетті есептеулерді сұрақ кітапшасында жасайды, дұрыс жауаптарын жауап парағы мен өзімен бірге алып кететін жауап парағының көшірмесіне енгізеді. Жауап парағының көшірмесі апелляцияға беру үшін негіз болып табылады.

24. Кешенді тестілеудің қағаз нұсқасының нәтижесін тексеру және бағалау конкурс комиссиясының мүшелерімен жүзеге асырылады. Нәтижелер тек жауап парағынан саналады, сұрақ кітапшасы қарастырылмайды.

25. Тестілеудің электронды нұсқасы компьютерде өткізіледі. Үміткер өзінің жеке мәліметтерін (аты-жөні, ЖСН, мектеп, сынып) енгізіп, тапсырмаларды орындауға кіріседі. Кешенді тестілеу бойынша тест тапсырмаларын орындау үшін 60 сұраққа 90 минут, ал 75 сұраққа 112 минут беріледі.

Тапсырманы орындауға берілген уақыт аяқталысымен ақпарттық жүйе компьютер экранына үміткер нәтижесінің бағасын көрсетеді, бұл қағазға басылып, қолына беріледі. Осы нәтиже апелляцияға беру үшін негіз болып табылады.

26. Кешенді тестілеу аяқталған соң үш сағаттан кейін жұмыс органының ғаламтор-ресурсында және кешенді тестілеу өткізілген ғимаратта дұрыс жауаптардың кілттері ілінеді. Үміткер жауап парағының көшірмесі бойынша өзінің нәтижесін дұрыс жауаптардың кілттерімен салыстырады.

27. Байқаудың бірінші кезеңінің нәтижелері кешенді тестілеу аяқталғаннан кейін келесі күні жарияланып, жұмыс органының ғаламтор-ресурсында және тестілеу өткізілген ғимаратта орналастырылады.

28. Байқаудың екінші кезеңі бірінші кезеңнен екі күн өткеннен кейін жүргізіледі.

29. Осы Ереженің 18-тармағына сәйкес байқаудың екінші кезеңіне бірінші кезең қорытындысы бойынша өту деңгейін жинаған үміткерлер жіберіледі.

30. Екінші кезеңде Зияткерлік мектептердің бағытына сәйкес бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихан алынады:

1) физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 8-11 (12)-сыныптарында – физика мен математика пәндерінен;

2) химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің 8-сыныбында – математика мен биология пәнінен, 9-11 (12)-сыныптарында – химия мен биология пәндерінен;

3) Астана қаласының Зияткерлік мектебінің 8-11 (12)-сыныптарында – математика пәнінен.

Әр пән бойынша жазбаша емтихан күрделілігіне қарай үш деңгейлі (А, В. С) 5 тапсырмадан құралады, соның ішінде:

А деңгейі – оқу материалын білу, түсіну және айта алу қабілетін тексеруге негізделген 2 тапсырмадан құралады;

В деңгейі – білімін нақты талаптар мен жаңа жағдайларда қолдана алу қабілетін тексеруге негізделген 1 тапсырмадан құралады;

С деңгейі – анализ бен орындау тәсілінің таңдау негіздемесін қолдану арқылы білімді кіріктіруге бағытталған 2 тапсырмадан құралады.

Жазбаша емтиханды орындау үшін әр пәнге 90 минут беріледі.

31. А деңгейінің тапсырмасын орындауда максималды балл саны – 5 баллмен бағаланады.

В деңгейінің тапсырмасын орындауда максималды балл саны – 6 баллмен бағаланады.

С деңгейінің тапсырмасын орындауда максималды балл саны – 7 баллмен бағаланады.

Тапсырмалар жұмыс органының филиалы болап саналатын Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының бұйрығымен келісілген бағалау критерийлері мен тапсырма сипаттамасына сәйкес бағаланады.

32. Екінші кезең нәтижелері жазбаша емтихандар аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде жарияланып, емтихан өткен ғимарат пен жұмыс органының ғаламтор-ресурсына орналастырылады.

Конкурстық комиссия байқаудың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша әр пәннен максималды баллдың 30 және одан да көп пайыз жинаған үміткерлердің материалдарын үш жұмыс күн  аралығында жұмыс органына жібереді. 

33. Жұмыс органы байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы шығарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде грантты тағайындайтын республикалық комиссияның қарастыруына байқау өткен үміткерлердің материалдарын келесі құжаттардың қосымшасымен бірге жібереді:

1) аппеляциялық комиссия отырысындағы хаттамалар қосымшасының көшірмесімен (бар болған жағдайда) бірге үміткерлердің әрбір байқау кезең нәтижесінің жиынтық ведомостісі;

2) байқау өткізілу қорытындысының сандық статистикалық мәліметтері.

34. Байқаудың ұйымдастырылу мен өткізілу реттілігі жұмыс органының басқармасымен бекітілген нұсқаулық негізінде атқарылады.

 

4. Байқау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

 

35. Байқау нәтижесі бойынша 7-сыныпта оқуға үміткерлер үшін апелляция жүргізілмейді, себебі үміткерлердің жауап нәтижелерін білім беру саласында қызмет ететін және жұмыс органының стратегиялық серіктесі болып табылатын шетел ұйымдары автоматтандырылған статистикалық өңдеу әдісімен бағалайды.

Зияткерлік мектептердің 8-11(12) сыныптарына қабылдау кезінде үміткерлердің құқығын қорғау, байқау тапсырмаларының нәтижелерін бағалау бойынша даулы мәселелерді шешу мақсатында жұмыс органының жетекшісінің бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Бұл комиссия Қазақстан Республикасының білім берудің жалпы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінен құралады. Апелляциялық комиссия құрамы тақ санды құрап, бес адамнан кем болмауы керек. Апелляциялық комиссияның төрағасы болып Зияткерлік мектептің, жұмыс органының немесе филиалдың өкілі тағайындалады.

36. 8-11 (12)-сыныптарында оқу үшін өткізілген байқау кезінде үміткер байқау тапсырмаларын бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол кешенді тестілеу немесе жазбаша емтихан нәтижелерін жариялағаннан кейін келесі күні апелляциялық комиссияға апелляцияға беруге құқылы.

Апелляция (өтініш, шағым) бағаның төмендеуіне әкелген байқау тәртібінің бұзылуы немесе үміткердің ойынша байқау тапсырмасына қате қойылған баға жөніндегі дәлелді жазбаша өтініші болып табылады.

37. Келесі мәселелер бойынша апелляция қабылданбайды:  

1) техникалық қателері жоқ байқау тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы;

2) конкурстық тапсырмаларды орындау кезінде белгіленген тәртіптерді үміткер бұзған жағдайда;

3) үміткер жауап парағын дұрыс толтырмаған/ компьютерлік тестілеу кезінде құрылғыларды дұрыс қолданбаған жағдайда.

38. Апелляцияға беру өтініші апелляциялық комиссияға күндізгі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін апелляциялық комиссия төрағасының атына жазылады. Өтінішті үміткердің өзі немесе оның заңды өкілдерінің бірі осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес үлгіде ұсынады. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

Апелляцияға өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін өтініштер қабылданбайды және қарастырылмайды.

39. Апелляциялық комиссия бір жұмыс күні ішінде жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін кеңес құрады. Апелляциялық кеңес жұмысына апелляциялық кеңес төрағасы, ол орнында болмаған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары басшылық етеді. Комиссия жұмысы оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда іске асады.

40. Апелляциялық комиссия мүшелері байқау тапсырмаларының баға нәтижелерін үміткердің бірге қатысуымен жеке бөлінген аудиторияда қарастырады.

Кәмелет жасқа толмаған үміткермен (18 жасқа дейін) бірге бақылаушы ретінде ата-ана немесе заңды өкілдердің бірі қатысуға құқылы.

Апелляцияны қарастыру кезінде тестілеу мен емтиханды (қосымша сұрақ қою) қайта өткізуге, жұмысқа түзетулер енгізуге рұқсат етілмейді. Тек бекітілген бағалау критерийлеріне сәйкес байқау тапсырмаларының баға нәтижелерінің дұрыстығы тексеріледі.

Апелляцияға кәмелетке толмаған үміткермен бірге қатысқан бақылаушылар байқау тапсырмаларының баға нәтижелерін талқылауға және апелляциялық комиссияның әрекетіне ұсыныс айтуға құқықтары жоқ.

41. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.  

Апелляциялық комиссия отырысы осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес комиссия төрағасы мен барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

42. Апелляциялық комиссия байқау тапсырмаларының баға нәтижелерін өзгеріссіз қалдыру немесе байқау тапсырмаларының баға нәтижелерін өзгерту туралы шешім қабылдайды. Осыған байланысты апелляциялық комиссия конкурстық комиссияға балл қосу жөнінде ұсыныс беріп, бір жұмыс күн ішінде апелляция қорытындысын өтініш берген тұлғаға хабарлайды.

Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері соңғы шешім болып табылады және қайта қарастырылмайды.

5. Зияткерлік мектептерге оқуға қабылдау тәртібі

 

43. Зияткерлік мектептерге оқуға қабылданған үміткерлер тізімі грантты тағайындайтын республикалық комиссияның хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде кешіктірілмей жұмыс органының ғаламтор-ресурсына орналастырылады. 

44.   Зияткерлік мектепке оқуға қабылдау грантты тағайындайтын республикалық комиссияның хаттамасы мен үміткердің заңды өкілінің өтініші негізінде Зияткерлік мектептің директорының бұйрығымен рәсімделеді.

 

6. Резервтік тізімді құру және резервтік тізімнен үміткерлерді Зияткерлік мектепке оқуға қабылдау тәртібі 

 

45. Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орынның болмауы салдарынан Зияткерлік мектепке қабылданбаған үміткерлер ағымдағы оқу жылы кезінде бос орын болған жағдайда, оларды білім беруге тарту мақсатында грантты тағайындайтын республикалық комиссия бекіткен резервтік тізімге енгізіледі. 

46. Оқу жылы ағымында резервтік тізімге енгізілген үміткерлерге қосымша байқаудан өтпей-ақ грант тағайындалады.

47. Грантты тағайындау үшін резервтік тізім арасынан үміткерлерді анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 Қаулысымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасы «Өркен» білім беру грантын тағайындау мен мөлшері Ережесінде қарастырылған тәртіп негізінде жүзеге асырылады.

48. Резервтік тізімнен грантты тағайындау туралы шешім грантты тағайындайтын республикалық комиссияның хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде кешіктірілмей жұмыс органының ғаламтор-ресурсына орналастырылады.

7. Қорытынды тәртіптер

 

49. Зияткерлік мектеп директорының бұйрығына сәйкес байқаудан өткен және оқуға қабылданағн үміткердің заңды өкілі оқуға қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жұмыс органының басқармасымен бекітілген үлгі бойынша білім беру қызметтерін көрсету жөніндегі (әрі қарай - шарт) шартқа отырады.

50. Зияткерлік мектептердегі оқу мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылады.

51. Зияткерлік мектеп әкімшілігі оқушылар мен олардың заңды өкілдерін Зияткерлік мектеп туралы Тәртіппен, сонымен қатар білім беру үдерісінің ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруы қажет.

52. Осы Ережелерге сәйкес емес мәселелер жұмыс органының бекітілген нормативтік актілері және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс органымен шешіледі.

Қосымшалар жүктеу


Қаралым: 36275
Жарияланған: 29 Наурыз