«NIS Service» жеке мекемесі

«NIS Service» жеке мекемесі


«Салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептер дирекциясы» жеке мекемесі 2011 жылдың 9 тамызында құрылды. Дирекцияның құрылтайшысы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы болып табылады. 

2018 жылдың 8 қаңтарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының 2017 жылдың 29 қарашадағы (№61 хаттама) шешімі  негізінде «Салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептер дирекциясы» ЖМ атауы « NIS Service» жеке мекемесі етіп өзгертілді. 

«NIS Service» жеке мекемесінің қызметінің негізгі мақсаты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның және оның нысандарына қызмет көрсету бойынша сервистік қызметтер кешенін  қамтамасыз ету болып табылады. 

«NIS Service» жеке мекемесіның қызметінің мәні: 

1)      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және оның филиалдарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 

2)      «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ және оның ұйымдары нысандарының инженерлік жүйелеріне және ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеулерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету; 

3)      «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ және оның ұйымдары нысандарының құрылыстарын қамтамасыз ету және жүргізу; 

4)      Құрылыс-монтаждау, жобалау-зерттеу, арнайы және басқа жұмыстар мен қызметтерді орындауға келісім шарттарды жасау кезінде «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ-ның атынан тапсырушы ретінде орындау; 

5)      «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ және оның ұйымдарының нысандары ғимараттарының энергетикалық аудитінің, техникалық аудитінің, энергетикалық саратаптаманың және инжирингтік қызметерінің тұрақтылығы мен сенімділігін техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру ; 

6)      Кепілдікті пайдалану кезіндегі жұмыстардың сапасын бақылау; 

7)      Қонақүйлік қызмет көрсету. 

Заңды мекен-жай: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» аданы, Түркістан көшесі, 2/1 үй. 

Мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы 31 көше, 37А үй. 

Телефон: 8 (7172) 23 58 24 

E-mail: Service@nis.edu.kz

 


Қаралым: 14866
Жарияланған: 15 Сәуір