Білім беру ресурстары орталығы

Білім беру ресурстары орталығы


«Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ­-сі 2013  жылы 3 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның еншілес ұйымы ретінде құрылды.

Біздің ұранымыз: Making education inspiring! Білім алуға шабыттандырамыз!

Миссия: Білім беру ресурстары мен ақпараттық технологияларды жасап шығару, оқу үдерісіне енгізу арқылы білім сапасы мен қол жетімділігін арттыру.

Мақсат: Оқу мен оқытуды нығайту мақсатында үздіксіз даму барысындағы ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын қолданумен бірге кең ауқымды жоғарғы сапалы білім беру ресурстарын әзірлеп, оларды Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстанның орта білім ұйымдарына енгізу.

«Білім беру ресурстары орталығының» басты бағыттары:

1.    Білім беру ресурстарын жасап шығару, бейімдеу және біріктіру;

2.    Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің ақпараттық кеңістігін құру;

3.    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын дамыту.

«Білім беру ресурстары орталығының» стратегиялық міндеттері:

·   Қазақстан Республикасының білім беруінің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты және Зияткерлік мектептердің біріктірілген оқу бағдарламасына сай негізгі білім беру ресурстары мен оқу материалдарын жасап шығару;

·        Оқу мен оқытуды нығайту мақсатында қосымша білім беру ресурстарын жасап шығару, бейімдеу және иемдену.

·     Зияткерлік мектептерге енгізу мақсатында ұсыныстар беру үшін білім беру ресурстары мен ақпараттық технологиялар саласындағы отандық және халықаралық нарықтың мониторингін жасау.

·       Үштілді (қазақ, орыс, ағылшын)  ақпараттық кеңістікті құру және оған барлық қызығушылық танытқандарды (оқушы, мұғалім, ата-ана, әкімшілік, қоғам) тарту арқылы оқудың қол жетімділігін, үздіксіздігін және дербестігін арттыру.

·         Қолданушыға бағытталған ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының үздіксіз дамуы.

·   Қазақстандық авторлар, редакторлар, дизайнерлер, иллюстраторлар, суретшілер, аудармашылар, программистер, аниматорлар және медиа-зерттеушілердің кәсіби дамуын халықаралық талаптарға сай қолдау және оқыту.

·         Қазақстанның орта білім беру жүйесіне «Білім беру ресурстары орталығының» тәжірибесін тарату.

«Білім беру ресурстары орталығы» келесі бөлімдерден құралған: контент әзірлеу бөлімі, аударма-редакциялық бөлім, сандық білім беру ресурстары бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі, қаржы-экономикалық бөлім, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі.

Мекен-жайымыз: Астана қ., 31 көш., 37А

Тел. : +7 (7172) 235770

Е-mail: [email protected]

Веб-сайт: erc-nis.kz


Қаралым: 11935