Педагогикалық шеберлік орталығы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы


 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылғы 24 мамырда мұғалімдерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдерді мақұлдады және жаңадан құрылған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығына шетелдік әріптестермен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибе мен педагогикалық тәжірибені қолдану арқылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларын жасау тапсырылды.

Педагогикалық шеберлік орталығының қызметі казақстандық білімнің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуы жағдайында мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму идеясына негізделген.

Педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жинақталған тәжірибесін тарату;
  • қазақстандық және шетелдік жаңашыл мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесін қорыту және тарату;
  • Республика педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  • әлемдік тәжірибеге сәйкес қазақстандық педагогтердің біліктілігін арттыру.

Мекен жайы: Астана қ., «Алатау» ТК, ВП-3, Түркістан көш., 2

Телефон: 8 (7172) 79 96 16

Факс:       8 (7172) 79 96 00

E-mail: info@cpm.kz

Веб-сайт: www.cpm.kz  


Қаралым: 22697