Педагогикалық өлшеулер орталығы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы


 Педагогикалық өлшеулер орталығы 2012 жылдың ақпан айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы ретінде құрылды.

         ПӨО миссиясы – көрсетіліп отырған білім қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін Зияткерлік мектептердің білімі жайлы нақты және дәйектi ақпаратты жинақтап, ДББҰ құрылымдық бөлімшелері мен мектеп филиалдарына тарату.

         ПӨО мақсаты білім сапасын бағалау мониторингі жүйесі қызметін құру, оқушылардың білім сапасын бағалау, оқушылар мен мұгалімдерді конкурстық іріктеу, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектерін қорытынды аттестаттауды қамтамасыз ету болып табылады.

ПӨО қызметінің бағыттары:

  • оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау;
  • білім сапасын бағалаумен қамтамасыз ету;
  • көрсетіліп отырған білім қызметтерінің сапасын бағалау

ПӨО міндеттері:

  • оқушылар мен мұгалімдерді конкурстық іріктеу
  • оқушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу
  • сатылап оқытуда (5, 10, 11 және 12 сыныптар) оқушыларды қорытынды аттестаттау
  • бағалаушыларды дайындау және Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің қызметі мен мұғалімдерді бағалау
  • педагогикалық кадрлардың сапасы мен кәсіби деңгейлерінің өсуін бағалау
  • сыныптың, мектептің моральдық-психологиялық ахуалы мен оқушылардың денсаулығын бағалау
  • әлеуметтік зерттеулер

ДББҰ стратегиялық серіктестерімен жасаған жобалары

2012 жылдың қыркүйек айында, оқушылардың білімін қолдана білуін тексеруге бағытталған тапсырмалардан тұратын, жаңа жүйедегі конкурстық іріктеу апробациядан өтті. Сонымен қатар, әр пән бойынша қойылатын ең төменгі деңгей анықталды. Тілдік пәндер бойынша мәтінмен жұмыс істей білу шеберлігі тексеріледі, грант үміткерлеріне қойылатын төменгі деңгей статистикалық мағлұматтарды өңдегеннен кейін белгілі болады.

Сонымен қатар, CITO Педагогикалық өлшеулер институтымен (Нидерланды) бірігіп құрастырылған оқушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың жаңа жүйесі 7 ші және 11 сыныптарда апробациядан  өтті. Аталмыш жүйе әр оқушының жеке нәтижесі көрсетілген қабілеттілік шкаласын құруға мүмкіндік бере отырып мұғалімге баланың жеке жетістігін, алға басуын, оқу барысындағы мәселелерін де анықтауға ықпал етеді.

Бұдан басқа, Джонс Хопкинс Университетінің дарынды жастар Орталығымен біріге отырып оқушылардың математикалық қабілеттілігін бағалайтын психометрикалық бағалау өткізіліп жатыр.

Енгізіліп жатқан бағалау моделі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  кіріктірілген білім беру бағдарламасының ең басты бөлігі болып табылатын оқушылардың интеллектуалды ілгері дамуын қамтамасыз ететін үздік модель болып табылады.

г. Астана, ул. Достык, д. 13, ВП-11,  

Телефон: 8 (7172) 70 57 57

Факс:       8 (7172) 50 43 12 

E-mail: [email protected]


Қаралым: 12721