Білім беру бағдарламалары орталығы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы


 Білім беру бағдарламалары орталығы 2012 жылдың 1 ақпанында құрылған.

Білім беру бағдарламалары орталығының негізгі мақсаттары:

  • Мектеп жасына дейінгі және орта білім беру салаларындағы халықаралық тәжірибелерді зерттеп білу;
  • Кіріктірілген білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеу, апробациялау және ендіру;
  • Үштілді оқыту үлгісін даярлау негізінде көптілді білім беру жүйесін ендіру;
  • Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінде таратудың механизмін әзірлеу.

Білім беру бағдарламалары орталығының негізгі қызметі ең үздік ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарын есепке ала отырып, кіріктірілген білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге, мониторингке, апробациялауға, білім беру  мен бағдарламаларды іс жүзінде ендіру саласы бойынша зерттеулерге жағдай жасау және кіріктірілген білім беру бағдарламаларын Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ендіріп, ары қарай оларды Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептеріне тарату механизмін әзірлеу.

Кіріктірлген оқу бағдарламасын әзірлеу негізінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері және халықаралық консультанттардың қатысуымен 40 аса семинар өткізілді. 200-ден астам мұғалім оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеуге қатысты. 2012 жылы Зияткерлік мектептің мұғалімдері Білім беру бағдарламалары орталығымен бірігіп бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерге арналған 40 оқу бағдарламасын және 60 оқу жоспарын әзірледі.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап, Зияткерлік мектептердің 7 және 11-сыныптарында Кіріктірілген білім беру бағдарламасының апробациясы өтуде. Берілген жобаның аясында Орталықтың мамандары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының енгізілуіне мониторинг жүргізу мақсатында Зияткерлік мектептерге іс-сапармен барды.Мониторинг процесі барысында мұғалімдерге көмек ретінде онлайн форум құрылды.

Мектепке дейінгі білім беру мамандары орыс тілді балалар үшін  қазақ тіліне енгізу бағдарламасын әзірледі және оған қосымша 27 құжат даярлады, сонымен қатар осы бағдарламаның балабақшадағы апробациясы бойынша эстондық әріптестермен бірлесе отырып төрт семинар өткізді.

Орталық жаратылыстану-математикалық, лингвистикалық, қоғамдық-гуманитарлық және кешендік-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімдерінен, сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, қаржы-экономикалық, ұйымдастыру-әкiмшiлiк, редакциялау бөлімдерінен тұрады.

Мекен жайы: Астана қ., 31 көш., 37 а үй

Телефон: 8 (7172) 42 10 11

Факс:       8 (7172) 42 10 11

Email: info@cep.nis.edu.kz

Веб-сайт: www.cep.nis.edu.kz

 
 
 
 

Қаралым: 18208
Жарияланған: 12 Сәуір