Құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың басшы

Құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың басшылары


Қазжанова Айгүл Өмірқызы

Басқарушы директор

1962 жылы 7 наурызда Көкшетау облысында туылған. Білімі – 1984 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Педагогикалық Институты «Ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша; 2004 жылы А.Мырзахметов атындағы Университет «Экономист» мамандығы бойынша; 2008 – МВААҚШ, Лос-Анджелес, Калифорниядағы Халықаралық Университеті. 1984 жылдан бастап 1993 жылдар аралығында ағылшын тілінің мұғалімі; 1993-2003 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп директорының орынбасары. 2003 - 2005ж.ж. Ақмола облысы бойынша «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытудағы кәсіби білім байланысы» ТАСИС Еуропалық Одағы жобасының директоры. 2005-2006 жылдары БҰҰ-дағыжергілікті халық бойынша ұлттық эксперті. 2006-2007 жылдары - «Курикуллума зерттемесі және ТжКБ жүйесіндегі оқытушылар әлеуетін дамыту» Еуропалық Одағы жобасының жетекші эксперті. 2007 жылы – «2008-2012 жылдары Қазақстандағы ТжКБ Мемлекеттік бағдарламасының» зерттемесіне қатысу» Бүкілодақтық Банк жобасының жетекші эксперті. 2008 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Білім қорының «Жаңа инновациялық Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мектебі тұжырымдамасының құрылуы және оның жасалуына қатысу» жобасының жетекшісі. 2008-2010 жылдары - «Қазақстан Республикасындағы ТжКБ жүйесіндегі әлеуметтік серіктестік» Еуропалық Одағы жобасының жетекші эксперті. 2010-2011жылдары оқу процесі әдіснамасы мен ұйымдастыру департаментінің директоры; 2011жылдың шілде айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ   академиялық мәселелері бойынша атқарушы директоры. 


Можаева Ольга Ивановна

Басқарушы директор

Жоғарғы білім. Қазақ Ұлттық Университетінің биология факультетін бітірген, кандидаттық ғылыми дәрежеге ие. Мұғалім, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры ретінде жұмыс тәжірибесіне ие. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығында (ҰББСБО) директорының орынбасары қызметін атқарған. ҰББСБО қызметі барысында Біріккен Ұлттар ұйымынының мемлекеттердің «Мыңжылдықтың даму мақсаттарына» жету дәрежесін анализдеу және бағалау бойынша отырысына қатысып, балаларды бастауыш мектеппен толық қамту мәселесі жөнінде Қазақстанның тәжірибесі тақырыбын ашқан.

2009 жылдан бастап ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Білім сапасын бағалау департаментінің директоры қызметін атқарып келеді.

Іскерлік әдебиет және адамның жеке тұлғасының дамуы жөніндегі кітаптарды қызыға оқиды.

2013 жылдан бастап, ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  Басқармасының мүшесі болып табылады.


Әпсеметова Еркежан Әжібайқызы

Оқушылар контингентімен жұмыс жасау департаменттің директоры 

1980 жылы 2 қарашада туылған. 2003 жылы  Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Қазақстан Республикасының банк жүйесі» мамандығы бойынша бітірген. Осы жылы Испанияда Üñï√ëršïdåd Çømplütëñšë dë Mådrïd те кәсіпкерлік қызмет факультетін бітірді. 2004-2005 жылдары Мадридте «Халықаралық маркетинг» мамандығы бойынша Европаның Менеджмент Мектебінің «ËŠÇP-ËÅP» магистры дәрежесін алды. 2009-2011 жылдары Қазақстан-Россия университетінің «Юриспруденция» мамандығын меңгерді. 

2004 жылы еңбек жолын Испания (Мадрид)те «Šëñšåÿ» компаниясында маркетолог қызметін атқарды. Мониторинг, нарық және бәсекелестік ортаның талдау мәселелерімен айналысты. 

2005-2006 жылдары коммерциялық жылжымайтын мүлік «ÇøllïëršÏñtërñåtïøñål KZ»(Астана) нарығындағы америкалық консалтингілік компанияның өкілдігінің басшысы болып жұмыс істеді. Қызмет аясына мониторинг пен нарық маркетингі кірді. 

2008-2009 жылдары Халықаралық бағдарламалар Орталығының(«Болашақ»халықаралық стипендиясының әкімі) жобалар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Білім саласындағы ағымдағы және жаңа жобаларды жоспарлау, әзірлеу, мониторинг, жүзеге асыру, ақпараттауды талқылау жұмыстарымен айналысты. 

2009-2010 жылдары «Халықаралық бағдарламалар Орталығы» АҚ-ң вице-президенті болып тағайындалды. Үміткерлерді іріктеу және қабылдау, шәкіртақы алушылардың мониторингісі мен оқуын, «Болашақ» халықаралық стипендиясын бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету, ХБО-ның өкілдіктері мен филиалдарының жұмысын жолға қоюды   ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асырды. Сондай-ақ, халықаралық келіссөздер, семинарлар мен кездесулер,конференцияларды ұйымдастыруға ат салысты. Қазақстан Республикасынан Болон процесінің  ресми өкілі  болып мәлімдемелер жасады. 

2010-2011 жылдары - «7 қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру Комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ң маркетинг Департаментінің ақпараттық қолдау Басқармасының бастығы. Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмысын үйлестірді. 

2011 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Оқушылармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры қызметін атқарады. 

Сондай-ақ, «Алтел» ұялы байланыс компаниясында, «Rëpšøl Ëxpløråçïøñ Kåzåkhštåñ Š.Å», “Šhëll” мұнай компанияларында жұмыс тәжірибесі бар. Француз, италия, орыс, қазақ, ағылшын, испан тілдерін меңгерген. Әйелдердің дипломаттық клубына қатысады. 


Әбділдина Жанар Нұрбапашқызы 

«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының директоры

1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химик-мұғалім» мамандығы бойынша бітірді. Екібастұз қаласындағы №4 мектеп-гимназияда химия мұғалімі, Шаңтөбе кентіндегі Комаров атындағы орта мектептің физика мұғалімі, директоры, Степногорск қаласының білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 

2009-2012 жж. – Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры. 

2012 жылдың ақпан айынан бері – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының директоры. 

2003 жылы Степногорск қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.  

2003-2006 жж. – «Сорос» халықаралық қорының екі грантының иегері. 

2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығын Астана қаласында тойлау шараларына қатысу үшін Ақмола облысының ресми делегациясының құрамына енді. 

Республикалық және халықаралық деңгейдегі семинарлар мен тренингтерге қатысты. «Мектептегі жетекшілік және басқару» (Пенсильвания университеті, АҚШ), «Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беруге қойылатын заманауи талаптар», «Кіріктірілген сабақ әдістемесі», «Химия пәнін оқытудағы Халықаралық бакалавриат тәсілдері мен мен тәжірибесін зерттеу» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. «Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі педагогтардың кәсіби құзіреттілігін жетілдірудің өзекті мәселелері», Кембридж университеті Халықаралық емтихандар кеңесі сарапшыларының қатысуымен өткен Ñåzårbåë√ Ïñtëllëçtüål Šçhøølš Måñågëmëñt Grøüp Dë√ëløpmëñt Prøgråm семинарларына қатысты.   

Марапаттары мен сертификаттары арасында Степногорск қаласының «ауған» қозғалысына қосқан елеулі үлесі үшін «Парыз және намыс» төсбелгісі, Көкшетау қаласы әкімінің құрмет грамотасы, Ақмола облысы Білім беру басқармасының алғыс хаты, Ақмола облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының алғыс хаты бар. 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. 


 



Қаралым: 13904
Жарияланған: 17 Ақпан