Білім беру бағдарламалары орталығы

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының "Білім беру бағдарламалары орталығы" филиалына келесі мамандар қажет


 Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бөлімінің ("Биология" пәні бойынша) аға менеджері.

Үміткерге қойылатын талаптар:

1)    педагогика бойынша жоғары білім;

2)    3 жылдан кем емес (педагогикалық) кәсіби өтіл немесе магистр дәрежесінің болуы;

3)    мемлекеттік тілді/ немесе орыс тілін (міндетті түрде) білу, ағылшын тілін білу (абзал).

Лауазымдық міндеттер:

1)    оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын, оқулықтарды әзірлеуге, жетілдіруге қатысу;

2)    оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының апробациясы мен сараптамасын өткізу;

3)    оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-әдістемелік құралдар мен оқу әдебиетінің оқу бағдарламасы мен жоспарларының мазмұнына сәйкестігі бойынша дербес сараптама жұмысын жүргізу;

4)    оқу-әдістемелік және зерттеу жұмыстары бойынша шетелдік және қазақстандық озық тәжірибені зерттеу, жалпылау және тарату;

5)    оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған онлайн конференцияларды, тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру.

Құзыреттіліктер:

1)    оқуға қабілеттілік пен өз-өзін жетілдіруге деген ынта;

2)    сауатты қарым-қатынас жүргізу бойынша дағды;

3)    нәтижеге бағыттылық, өршіл мақсаттарға қол жеткізуге тырысу; мәселені шешудің тиімді жолдарын табу;

4)    топта жұмыс істей алу қабілеті.

 

Редакциялық бөлімнің аға менеджері

Үміткерге қойылатын талаптар

1) жоғары (кәсіби) білім;

2) жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

3) мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін (міндетті түрде) білу, ағылшын тілін білу (абзал).

Лауазымдық міндеттер

1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің түпнұсқасын өңдеу;

2) ұсынылған материалдың кешенділігін тексеру;

3) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларының пән бойынша талаптарына, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін тексеру;

4) ұсынылған дәйексөздер мен сандық деректердің  дұрыс жазылғандығын қайнар көзден тексеру; есімдердің, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктердің дұрыс қолданылып, жазылғандығын; кесте, сілтеме, формуланың дұрыс рәсімделгенін, библиографиялық сипаттаманың толықтығын, баспаның анықтамалық аппаратының рәсімделуін, берілген символдардың стандарттармен бекітілген немесе ғылыми және нормативтік әдебиетте қабылданған белгілерге сәйкестігін тексеру;

5) көркем бейнелік материалдарды қарастыру;

Құзыреттіліктер:

1)    оқуға қабілеттілік пен өз-өзін жетілдіруге деген ынта;

2)    сауатты қарым-қатынас жүргізу бойынша дағды;

3)    нәтижеге бағыттылық, өршіл мақсаттарға қол жеткізуге тырысу; мәселені шешудің тиімді жолдарын табу;

4)    топта жұмыс істей алу қабілеті.

 

Дизайн және баспаалды даярлық бөлімінің аға менеджері

Үміткерге қойылатын талаптар

1) жоғары кәсіби білім;

2) 3 жылдан кем емес кәсіби өтіл немесе магистр дәрежесінің болуы;

3) мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін (міндетті түрде) білу, ағылшын тілін білу (абзал).

Лауазымдық міндеттер

1) көркемдік өңдеу және оқулықты, постерлерді көркемдеп безендіру;

2) күрделілігі әртүрлі иллюстрацияларды жасап шығару;

3) баспаның көркем безендірілуін макеттеу;

4) баспа мен полиграфиялық бұйымдарды көркемдеп безендіру жобаларын әзірлеу;

5) эскиздерді әзірлеу және баспасөз басылымын көркемдеп безендіру жұмыстарын орындау;

6) көркемдеп безендіру жұмыстарын сапалы және уақытылы орындау.

Құзыреттіліктер:

1)    оқуға қабілеттілік пен өз-өзін жетілдіруге деген ынта;

2)    сауатты қарым-қатынас жүргізу бойынша дағды;

3)    нәтижеге бағыттылық, өршіл мақсаттарға қол жеткізуге тырысу; мәселені шешудің тиімді жолдарын табу;

4)    топта жұмыс істей алу қабілеті.

 

Байланыс:

Астана қаласы, 31-көше, 37а үй

телефон: 7 7177 7172 235757

info@cep.nis.edu.kz

 


Қаралым: 6252
Жарияланған: 07 Қараша